Адал азамат тәрбиелеу – аға буынға міндет

Адал азамат тәрбиелеу – аға буынға міндет

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Кеңес төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев ашып, жүргізген жиында кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру мен өткізуге арналған іс-шаралар жоспарында межеленген іс-шараларға атсалысу жайы пысықталды.

Кеңес мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов,  Еркін Сатқанбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің басшысы, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Қайрат Анарбаев, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Сәкен Жаңабаев сөз сөйлеген жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Адал азамат», «Салауатты сана» жобаларын іске асыру және «Ақсақалдар  – ұлттық құндылықтар  мен ұрпақтар сабақтастығының басты жанашыры» тақырыптары аясында ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды.

Қалалық ҚХА жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Ақсақалдар кеңесі азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу, азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы сындарлы коммуникациялар мен өзара іс-қимылды нығайту, жастар арасында патриотизм идеяларын ілгерілету және патриоттық тәрбие беру, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі диалогты ұйымдастыруға жәрдемдесу сынды бірқатар міндеттер аясында қоғамдық негізде әрекет етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...