Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті

Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті
Қазақстанда мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту жөніндегі жүйелі жұмыс жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 87,4%-дан 90%-ға дейін артты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда:

  • Атырау МӨЗ – 85%-дан 88%-ға дейін;
  • Шымкент МӨЗ – 86%-дан 88%-ға дейін;
  • Павлодар мұнай-химия зауыты – 91%-дан 94%-ға дейін.

Көрсеткіштердің өсуі ашық мұнай өнімдерінің үлесін 70–79%-дан 75–81%-ға дейін ұлғайту есебінен, сондай-ақ Павлодар МХЗ-де битум өндірісін 366 мың тоннадан 426 мың тоннаға дейін арттыру арқылы қамтамасыз етілді.

2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда негізгі мұнай өнімдері өндірісінің өсімі тіркелді:

  • автобензиндер – 5,7 млн тонна (107%);
  • дизель отыны – 6,1 млн тонна (116%).

Мұнай өңдеу тереңдігін 94%-ға дейін одан әрі арттыру мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және олардың қуаттарын кеңейту есебінен жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

11 қыркүйекте Түркістанда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданында «Күзгі тазалық –...

Шардара аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шекара қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.Кездесу барысында суицидтің алдын алу,...