Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

ҰСБ-ның алдын ала деректері бойынша, 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ды құрады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%).

Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң өсім көрсетті.  Нақты көлем индексі – 102,1%.

Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды, онда өндіріс 9,9%-ға өсті.

Машина жасаудағы жоғары өсу қарқыны (өсу 23,3%) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.

Сондай-ақ жоғары өсім көрсеткендер:

  • жеңіл өнеркәсіп – 2,3 есе,

  • жиһаз өндірісі – +41,7%,

  • фармацевтика – +35,2%,

  • құрылыс материалдары – +27,7%,

  • химия өнеркәсібі – +18,4%,

  • азық-түлік өнімдері – +14,4%.

Тұтастай алғанда, жылдың алғашқы төрт айындағы экономиканың оң серпіні негізгі секторлардағы орнықты өсумен қамтамасыз етілді. Ең жоғары өсім қарқыны мына салаларда тіркелді:

  • құрылыс – 114,5%, 

  • көлік және қоймалау – 112%,

  • өңдеу – 109,9%,

  • сауда – 105,1%,

  • ауыл шаруашылығы – 103,6%.

Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...