Мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі

Мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесі жаңартылып, іріктеу процесі толық автоматтандырылған форматта жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер:

мемлекеттік тілді білу,

заңнаманы білу,

жеке қасиеттерін бағалау тестілеуінен өтеді.

Заңнаманы білу тесті:

ҚР Конституциясы

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заң

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша өткізіледі.

Тестілеу 55 сұрақтан тұрады. Өту үшін:

кемінде 30 дұрыс жауап,

әр заң бойынша кемінде 5 дұрыс жауап қажет.

Жеке қасиеттерді бағалау тесті 3 бағдарлама бойынша өтеді:

1-бағдарлама – басшылық лауазымдарға арналған.

Көшбасшылық, стратегиялық ойлау, жауапкершілік және нәтижеге бағдарлану сияқты 10 құзырет бағаланады.

2-бағдарлама – басшылық емес лауазымдарға арналған.

7 негізгі құзырет қамтылады.

3-бағдарлама – жұмыс өтілі талап етілмейтін төменгі әкімшілік лауазымдарға арналған.

Эмоционалдық, әлеуметтік және логикалық ойлау қабілеті бағаланады.

Тест нәтижелері 1 жыл бойы жарамды болады. Осы мерзім ішінде кандидаттар конкурстарға қатыса алады.

Жеке қасиеттерді бағалау тестін айына 3 ретке дейін тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Конкурсқа ең жоғары балл жинаған 5 кандидат жіберіледі.

Құжаттарды растау кезінде:

электрондық еңбек кітапшасы,

диплом көшірмелері

eGovMobile және Kaspi.kz арқылы ұсыныла алады.

Білім туралы құжаттардың қосымшалары міндетті түрде қоса берілуі тиіс.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Туркестанском комплексе “Киіз үй” прошла конференция “Turkistan-2026: популяризация наследия Ходжи Ахмеда Ясави и развитие внутреннего туризма”,...

Түркістандағы «Киіз үй» кешенінде Түркістан облыстық мәслихаты мен Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі республикалық қоғамдық...

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен...