Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге көрсетілген бейнероликте төрт Амур жолбарысын «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жіберу сәті таспаланған, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Жолбарыстарды бақылап отыру үшін табиғи ортаға жібергенге дейін оларға жерсеріктік қарғыбау орнатылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы қараша айында Ресейге жасаған мемлекеттік сапары кезінде Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге әзірлік және жеткізілген түз тағыларының бастапқы бейімдеуден өтуі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Осы уағдаластықтарға сай Ресей тарапы төрт Амур жолбарысын берді.

Бұл бастама Қазақстандағы жолбарыстар популяциясын қалпына келтіруге және әлемдегі биоалуантүрлілікті сақтауға зор үлес қосады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекеттік сатып алу отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді болады, қазақстандық шикізатты пайдалануға қойылатын талаптарды арттыру, ал мектеп...

Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектіні қарқынды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары...