Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті

Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиынға қатысқаны үшін мәртебелі мейманға ризашылығын білдіріп, еліміз Кубаның ЕАЭО қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Еуразиялық экономикалық форумда талқыланған жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігін атап өтіп, осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасына тоқталды.

Мемлекет басшысы еліміздегі экономиканың негізгі салаларын цифрландыру және оған жасанды интеллект технологияларын енгізу шаралары туралы мәлімет берді. Осы орайда, Қазақстанның Куба тарапымен электрондық үкіметті дамыту тәжірибесін бөлісуге, озық цифрлық шешімдерін экспорттауға әзір екенін растады.

Сальвадор Вальдес Меса Қасым-Жомарт Тоқаевқа Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің сәлемін жеткізіп, өзара сауда-экономикалық байланысты арттыруға ниетті екенін айтты.

Кездесуде медицина және фармацевтика бағытында тиімді ынтымақтастықты жандандыру әлеуетіне баса назар аударылды. Бұдан бөлек, іскерлік және мәдени-гуманитарлық қатынастарды тереңдету мүмкіндіктері қарастырылды.

Қазақстан Президенті мен Куба Вице-президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...