Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 700 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 700 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді
Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасуда. Бүгінгі таңда қорғаныс шаралары еліміздің 13 өңірінде жүргізіліп жатыр. Өңірлер қажетті техникамен, химиялық препараттармен және өзге де материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 700 мың гектар жер химиялық өңдеуден өткізілді, бұл жоспарланған 2,2 млн гектар көлемнің 31,8%-ын құрайды.

Өңдеу жұмыстарын жүргізуге 236 бірлік мамандандырылған бүрку техникасы жұмылдырылды. Жұмыстардың орындалу қарқыны Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында жоғары деңгейде байқалуда.

Мониторинг нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдану деректері тіркелген жоқ. Республика аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы мониторингтік зерттеулер мен химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасуда. Бүгінгі таңда қорғаныс шаралары еліміздің 13...

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі индустриалды және...