Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр
Түркістан облысының Сайрам ауданында ірі қара малды бордақылауға арналған және жоғары технологиялық мал сою алаңымен жабдықталатын ірі инвестициялық жобаны іске асыру басталды. Инвестицияның жалпы көлемі 3,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба аясында бір мезетте 10 мың басқа дейін ірі қара малды ұстап, бордақылауға мүмкіндік беретін заманауи өндірістік кешен салу көзделген. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет өнімін өндіруге жетеді.

Өндірілетін өнім ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етумен қатар, экспорттық жеткізілімдерді дамытуға да бағытталатын болады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы және нысанды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

Бұл ел экономикасына инвестиция тартуға, қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайтуға және мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2027 жылы 7-8 маусымда Алматыда GITEX AI Kazakhstan көрмесі екінші рет өтеді.Технология мен жасанды интеллект саласындағы өңірдегі ең ірі іс-шара...

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кристина Хонеггермен кездесті....

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі...

Анталья қаласында (Түркия) өтіп жатқан COP31 климаттық конференциясы аясында Қазақстанның ұлттық павильонында «Табиғат бейімделу инфрақұрылымы...