ТЖМ қызметкерлеріне арналған «BATYR TEAM» фитнес-орталығы ашылды

ТЖМ қызметкерлеріне арналған «BATYR TEAM» фитнес-орталығы ашылды

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ ғимаратында орналасқан заманауи «BATYR TEAM» фитнес-орталығын ашты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Спорт кешенінің ашылуы авиация, құтқару бөлімшелері және ТЖМ-нің өзге де қызметтерінің қызметкерлерінің дене даярлығын нығайтуға бағытталған бастамалардың бірі болды. Жаңа фитнес-орталық заманауи спорт кешендеріне қойылатын барлық талаптарға толық сәйкес келеді және қызметкерлердің жоғары дене дайындығын сақтап, қарқынды қызметтен кейін күш-қуатын қалпына келтіруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында ашылды.

Кең әрі функционалды жаттығу залы заманауи кәсіби жабдықтармен және күштік әрі кардио жаттығуларына арналған тренажерлармен толық қамтамасыз етілген. Фитнес-орталықта ерлер мен әйелдерге арналған жайлы жеке киім ауыстыратын бөлмелер, душ кабиналары, сауна, сондай-ақ стретчингке арналған арнайы аймақ қарастырылған. Сонымен қатар, қызметкерлердің жаттығудан кейін күш-қуатын қалпына келтіріп, жайлы жағдайда демалуына арналған спорттық сусындар ішетін және тынығатын жеке аймақ жабдықталған.

Заманауи интерьер мен сапалы жабдықталуы жетекші фитнес-орталықтардың деңгейіне сай келетін қолайлы жағдай қалыптастырады. Мұнда кәсіби құтқарушылардың да, министрліктің басқа да бөлімшелері қызметкерлерінің де тиімді жаттығу жасауына қажетті барлық мүмкіндік қарастырылған.

Тұрақты түрде өткізілетін жаттығулар жеке құрамның күш-қуатын, төзімділігін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және психологиялық орнықтылығын дамытуға ықпал етеді. «BATYR TEAM» фитнес-орталығының ашылуы ведомство қызметкерлеріне арналған заманауи инфрақұрылымды дамыту жолындағы кезекті қадам болды. Бұл бастама олардың денсаулығын нығайтуға, кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және қызмет өткеру үшін лайықты жағдай жасауға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев АҚШ Кеден және шекара қызметі Халықаралық істер басқармасы...

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Министрлік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл...

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдепті сақтау мәселелері...

Қазақстанда медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл қарапайым бинттер мен шприцтерден...

Түркістан қаласының экономикалық дамуы кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолайлы жағдай қалыптастырумен тығыз байланысты. Шағын және орта бизнес...