ТүркПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Миссия басшысы Осман Местен Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында миссия жұмысының қорытындысымен таныстырды.
«Таңертең сағат 07.00-де сайлау учаскелері ашылғаннан бастап барлық байқаушылар жұмыс орындарына келіп, кешкі сағат 20.00-ге дейін миссиясын орындады. ҚР Құрылтайына бірінші сайлау 23 тамызда өтті. Бұл Қазақстан Республикасы үшін тарихи сәт, бұл ел халқы үшін тарихи кезең», – деді спикер.
Миссия Орталық сайлау комиссиясының, Өңірлік сайлау комиссияларының жұмысын жоғарғы бағалап, әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың сайлауға белсенді қатысқанын атап өтті.
Осман Местен Қазақстан халқын бір палаталы Парламент – Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады.

