Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмон мен оның отандастарын Тәжікстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Тәжікстанның егемендік жылдарында мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ әлемдік аренада ұлттық мүддені қорғау мен ілгерілету ісінде зор табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

– Қазақстан халқы еліңіздің жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз достық қарым-қатынас пен өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ТМД Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің XXXVIII отырысы Шымкент қаласында аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Төтенше...

Түркістан қаласында кәсіпкерліктің тұрақты дамуы үшін қаржылық ресурстар мен өндірістік инфрақұрылымнан бөлек, білікті мамандардың болуы маңызды....