Еңбек нарығы мен гастрономиялық туризмді дамытуға басымдық берілуде

Еңбек нарығы мен гастрономиялық туризмді дамытуға басымдық берілуде

Шымкентте халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылы жұмыспен қамту шараларына 31 398 адамды тарту жоспарланса, қазіргі таңда оның 25 390-ы немесе 81 пайызы қамтылған. Оның ішінде 15 519 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Еңбек күніне орай 22 қыркүйекте «Көрме» орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Ауқымды іс-шараға 100-ге жуық жұмыс беруші қатысады деп жоспарлануда. Жәрмеңке барысында 2025 жылы қайтарымсыз грант алған азаматтар өздері өндірген өнімдерін таныстырады. Сонымен қатар еңбек күші тапшы өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында бірқатар облыстардан келген делегациялар қала тұрғындарына өңіраралық жұмыспен қамту мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат береді.

Қалада туризмді, оның ішінде гастрономиялық бағытты дамытуға да көңіл бөлінуде. 26 қыркүйекте «Этно ауыл» кешенінде «Street Food Fest» көше тағамдары фестивалін өткізу жоспарланған. Іс-шараға 50-ге жуық қоғамдық тамақтану орны мен street food өкілдері қатысып, келушілерге түрлі тағамдар ұсынылады. Бағдарламада гастрономиялық жәрмеңке, интерактивті және ойын-сауық шаралары қарастырылған.
Фестивальдің басты ерекшеліктерінің бірі – Қазақстанның рекордтар кітабы – КиНЭС-ке енгізу мақсатында ең үлкен хот-дог дайындау бойынша рекорд орнату. Іс-шара сағат 15:00-ден 22:00-ге дейін өтеді. Ұйымдастырушылар 2 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағын қамтуды жоспарлап отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Өндірістік кәсіп ашуды жоспарлаған кәсіпкер үшін ең үлкен шығындардың бірі – қажетті құрал-жабдық сатып алу. Кейбір техника күнделікті емес, белгілі бір операцияны...