Алматыда заңсыз айналымнан 500 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді

Алматыда заңсыз айналымнан 500 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді

Өткен демалыс күндері Алматы қаласында алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Профилактикалық іс-шараларды профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қолдау көрсетті.

Екі күн ішінде 300-ден астам нысан тексерілді. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері мен ойын-сауық орындары бар.

Тексеру нәтижесінде алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сатқан 17 жеке кәсіпкер анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Заңсыз айналымнан 500 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді.

Сонымен қатар алкоголь өнімдерін сату кезінде заңнамада белгіленген талаптарды бұзған тағы 12 жеке кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі. Негізгі мақсат – алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою және құқық бұзушылықтардың, соның ішінде мас күйінде жасалатын құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қарағанды облысының қалалары мен аудандары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындалуда. Дайындық аясында мерейтойға арналған...