Қазақстанда 320-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 320-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Шалқар ауылында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының жаңа бекеті ашылды. Ол Шалқар, Лобаново, Әлжан және Заря ауылдарының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету аумағында 2 мыңға жуық адам тұрады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бекеті серіктестіктердің бірінің базасында реновациялау форматында ұйымдастырылды. Өрттер мен төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін өрт сөндіру автоцистернасы, қажетті өрт-техникалық жабдықтар мен құралдар қарастырылған. Бекеттің жұмысын арнайы даярлықтан өтіп, тиісті сертификаттар алған жүргізуші-өрт сөндірушілер мен ерікті өрт сөндірушілер қамтамасыз етеді. Ғимаратта жеке құрамның қызмет атқаруы мен тұруына қажетті жағдай жасалған. Мұнда диспетчерлік бөлме, ас үй, жатын бөлме, киім ауыстыратын орын, санитарлық торап, душ және жылытылатын гараж бар.

Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауылдық елді мекендердің өрт қауіпсіздігін арттыруға, оқиғалар туралы хабарламаларға ден қою уақытын қысқартуға және 2 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың негізгі ассортименті бойынша баға тұрақтылығы сақталып отырғанын хабарлайды....

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады. Бұл мақсатқа...

Түркістан қаласындағы шағын кәсіпорын өндірісін ұлғайтуға дайын болғанымен, оған қажет жабдықты өз қаражатына бірден сатып ала алмауы мүмкін. Бір...

Шымкент қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлік мүшелері мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қала...