Түркістан облысында бір апта ішінде жүргізілген рейдтер барысында тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастаған 80 тұрғын анықталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.
Мәселен, Кентау қаласында тұрғындардың бірі үйінен шығарған тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленбеген аумаққа тастаған. Аталған дерек бойынша азамат заң аясында жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер өңір аумағында тазалық талаптарының сақталуын бақылауды күшейтіп, қоршаған ортаны ластау деректерінің алдын алу жұмыстарын жалғастыруда.
Тәртіп сақшылары тұрғындарды тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға тастап, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.


