Қалың өскен бұта мен бос жатқан аумақтың орнына: Алматыдағы Қарасу өзенінің жағалауы қалай өзгерді?

Қалың өскен бұта мен бос жатқан аумақтың орнына: Алматыдағы Қарасу өзенінің жағалауы қалай өзгерді?

Жуырда ғана Алматының Кемел шағынауданындағы Қарасу өзенінің жағалауы қалың өскен бұталар басқан, көркейтілмеген аумақ болатын. Қазір мұнда серуендеуге арналған аллеялар, спорт алаңдары мен демалыс орындары пайда болды. Жетісу ауданындағы бұрын қараусыз қалған аумақтың бірі жаңа қоғамдық кеңістікке айналды, деп хабарлайды No-comment.kz - Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ауқымды көркейту жұмыстары аясында өзен жағалауы бекітіліп, жүргіншілер жолдары салынды. Сондай-ақ 5,6 мың шаршы метрден астам жерге брусчатка төселді.

Көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Жағалауға 500-ден астам ағаш, мыңнан астам бұта мен сәндік өсімдік егілді. Жасыл желектерді күтіп-баптау үшін автоматты суару жүйесі орнатылды.

Демалыс орындарын көбейтуге де басымдық берілді. Мұнда футбол және волейбол алаңдары, скейт-парк, ниндзя-парк, воркаут аймағы мен балаларға арналған екі ойын кешені ашылды. Сонымен қатар шолу алаңы, перголалар және көбелек пен бұғы бейнесіндегі ерекше фотоаймақтар жасалды.

Бұрын бұта басып, бос жатқан аумақ енді серуендеуге, спортпен шұғылдануға және отбасымен демалуға арналған заманауи жағалауға айналып келеді.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ТМД Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің XXXVIII отырысы Шымкент қаласында аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Төтенше...

Түркістан қаласында кәсіпкерліктің тұрақты дамуы үшін қаржылық ресурстар мен өндірістік инфрақұрылымнан бөлек, білікті мамандардың болуы маңызды....