Қатысушылар Құрылтай депутаттарының адвокатура және заң консультанттары институттарын жетілдіруге, сондай-ақ заң көмегінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған заң жобасын әзірлеу жөніндегі бастамасын талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Әділет министрлігі өзекті мәселелерді заңнамалық тұрғыдан реттеу бойынша ұсыныстарын білдіріп, аталған бастаманы қолдады. Кәсіби бірлестіктердің өкілдері де өз ұстанымдарын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтар мен кәсіби қоғамдастықтың мүдделерін ескере отырып, заңнамалық бастамалар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.


