2026 жылғы 13 қараша, Астана - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) жаңа Бас хатшысы Султан Гаджиевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында 2026 жылғы 15 қазанда Бакуде өткен АӨСШК-тің VII саммитінің қорытындылары, ұйымның алдында тұрған өзекті міндеттер және оны одан әрі дамудың негізгі бағыттары талқыланды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Баку саммитінде көтерген бастамаларын, атап айтқанда, превентивті дипломатия, көлік байланыстылығы, жасанды интеллект, су қауіпсіздігі және адами капиталды дамыту салаларындағы ұсыныстарын іс жүзінде ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
М.Тілеуберді Қазақстанның АӨСШК қызметінің тиімділігін арттыруға, Саммит шешімдерін дәйекті түрде іске асыруға және Хатшылықтың әлеуетін нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Осы орайда жаңа Бас хатшыға жүктелген міндеттерді орындауда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екені расталды.
Тараптар тығыз жұмыс диалогын жалғастыруға және ұйымға қатысушы мемлекеттердің ортақ мүдделеріне сай келетін іс жүзіндегі бастамаларды ілгерілетуге күш-жігерлерін жұмылдыруға уағдаласты.


