Ресей коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды бастады

Ресей коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды бастады

Ресей Гамалея орталығы жасаған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны өндіруге кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы  эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы әзірлеген COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны шығара бастады. «Спутник V»деп аталған вакцина екі айдай уақыт клиникалық сынақтардан өтті» деп жазылған ақпаратта.

COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцинаны 38 ерікті өзіне салдырды. Зерттеулер көрсеткендей, эксперименттің барлық қатысушысының ағзасында иммунитет пайда болды. Ресейде халықты жаппай вакцинациялау қазан айында басталады деп жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...