Жігіт өлім алдында достарын суретке түсірген

Жігіт өлім алдында достарын суретке түсірген

Ұлыбританиялық жігіт Испанияның Аликанте курортындағы жартаста екі досын фотоға түсірген. Олар кейін қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы Дэниэл Ми мен 20 жастағы Джейден Долман фотоға түсіріп жатқан кезде 9 метр жартастан құлаған. Оларды досы Льюис Хиггинст суреткен түсірген. Бірінші құлаған жігіт бас жарақатын алып, оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ұшақпен ауруханаға жеткізілгенімен қайтыс болған.

Сондай-ақ, Хиггинс достарының құлағанын көргеннен кейін қатты шошынып қалған. Ол да ауруханаға жеткізіліпті.

Жергілікті полиция қызметкерінің айтуынша, ол жігіттер жартастың шетіне жақындағанын көрген кезде оларға қаупін ескерткен. Тіпті, ол қайғылы оқиға болардың алдында бірнеше секунд бұрын ескерту жасағанын атап өтті. Кейін тәртіп сақшысы оқиға орнына жедел жәрдем қызметін шақырған.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...

24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Түрікменстан Республикасының Білім министрінің орынбасары...

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық...