Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісім бұзылды

Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісім бұзылды

Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта Арменияның қарулы күштері оқ атып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Тертер мен Агдамға қарсы тарап оқ атып жатыр», - деп мәлімдеді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ал Арменияның Қорғаныс министрлігі Әзербайжан қарулы күштерінің пилотсыз ұшу зымыраны Капанға жақын Артсваник ауылына құлағанын айтты. Бір адам қаза тапты. 

Естеріңізге сала кетсек, Әзербайжан мен Армения Мәскеуде өткен консультациялардың қорытындысы бойынша тұтқындар мен қаза тапқандардың мәйітін алмасу үшін гуманитарлық мақсатта 10 қазанда сағат 12:00-ден бастап атысты тоқтату туралы уағдаласқан еді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Халықты жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Қысқы маусымның тұрақты өтуін қамтамасыз ету...

Ресей, Омбы қаласы ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге тауар айналымының ашықтығын...

Ресей, Омбы қаласы Қазақстан Президенті соғыс ардагерлеріне арналған Омбы госпиталі ғимаратының қасбетіндегі Кемел Тоқаевтың ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойып,...