«Ұшақтан у шашып жатыр»: Маңғыстау облысында видеоға қатысты түсінік берілді

«Ұшақтан у шашып жатыр»: Маңғыстау облысында видеоға қатысты түсінік берілді

Әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің «Ақтау қаласында ұшақтан у шашып жатыр» деп айтқан видеосы тарап жатыр. Осы видеоға қатысты Ақтау Халықаралық әуежайының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов түсінік берді, деп хабарлады Azattyq Rýhy. 

«Бұл – ұшақтың қозғалтқышынан шыққан конденсат. Ол жерге түспейді. Ұшақ ұшатын биіктіктегі ауа температурасы – 60 градус. Ұшақтан шыққан ыстық ауа салқын ауамен араласып, қатып қалады. Бірақ 4-5 минут өткеннен кейін ауада шашырап кетеді», - деді Ерғазы Жолдасов.

Оның айтуынша, конденсаттың түсі күн сәулесі қалай түстетініне байланысты өзгеріп отырады: күн шыққанда және батқанда қызыл түс береді, ал күндіз ақ болып көрінеді; қараңғы уақытта көгілдір болады.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент өнеркәсіп саласындағы ықпалдастықты нығайтудың маңызына назар аударды. Бүгінде бұл бағытта жалпы құны 62 миллиард доллардан асатын 260...

Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр. Өзбекстан...

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға...