Шымкентте ер адам балаларын газ баллонмен жарып жібермек болды

Шымкентте ер адам балаларын газ баллонмен жарып жібермек болды

Шымкентте мас ер адам екі баласын бөлмеге қамап, газ баллонын жарып жібермек болды, - деп хабарлады  «Хабар 24».

Мұндай қадамға ол отбасындағы кикілжіңнен кейін барған.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 қазанда сағат 15:45-те болған.

«Учаскелік полицияның «101» пультіне Еңбекші ауданының Айнатас тұрғын үй алабының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін хабарлаған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 42 жастағы үй иесінің мас күйде суицид жасамақ болғанын анықтады. Ол отбасылық жанжалдан кейін 50 литр газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырған. Кез келген минутта жарылыс болу қаупі туындады», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам мен апаттар медицинасы орталығы филиалының арнайы бригадасы тартылды.

«Жағдайдың қауіпті екенін түсіне отырып, №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ербол Небесаев жедел әрекет етті. Ол өзге қызметкерлермен бірге бөлмеге жүгіріп кіріп, газ баллонының кранын жапқан. Баллонды далаға шығарып, балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Балалардың жағдайы тексеріліп, оларға медициналық көмек керек еместігі анықталды. Олар анасымен бірге үйінде қалды. Ал үй иесін Еңбекші ауданының полициясы алып кетті», - делінген хабарламада.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...