«Еріксіз жыладық»: археологтар көне Отырар қалашығын заманауи кірпішпен өріп жатқанын көріп шошыды

«Еріксіз жыладық»: археологтар көне Отырар қалашығын заманауи кірпішпен өріп жатқанын көріп шошыды

Археолог Эмма Усманова мен оның әріптестері көне Отырар қалашығында жүргізіліп жатқан реставрациялық жұмыстарды көріп, шошынғандарын айтып отыр. Ғалымдар ортағасырлық қыш тақтайшалардың орнына заманауи кірпіштерді қалау – тарихқа жасалған қиянат дейді. Бұл туралы  Azattyq Rýhy жазды.

Усманованың айтуынша, «құрылыс» қарқынды жүргізіліп жатқан жер даңқты билеуші Әмір Темірдің қайтыс болған жері болуы мүмкін.

«Бізбен бірге тарих ғылымдарының докторы Мұхтар Қожа болды. Ол осынау көне қалашықтың қазба жұмыстарына қатысқан. Мұны көрген ол бозарып кетті, көзіне еріксіз жас алды. Отырар – ғасыр құрылысы. Біз түсінуіміз керек: туристік нысан мен тарихи нысанды біріктіруге болмайды. Нысан тарихи болмысын сақтап қалуы керек, ең маңыздысы осы», - деп жазды Эмма Усманова өзінің Facebook-парақшасында.

Ол Отырар қалашығының тендер құрбаны болып кетпейтініне әлі де үміттенетінін жасырған жоқ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...