Қазақстанда кинотеатрлар жұмысын қайта бастады

Қазақстанда кинотеатрлар жұмысын қайта бастады

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайы тұрақты өңірлерде кинотеатрлар жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

19 қазанда ведомсвоаралық комиссия ауру өсімі болмаған, эпидемиологиялық жағдайы "жасыл" топқа жататын өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңімен қайта бастау туралы бірқатар шешім қабылдаған еді.

"26 қазаннан бастап қашықтық пен маска тағу режимін сақтай отырып, кинотеатрлар толымдылығы 30 пайыздан аспайтын жағдайда жұмысын қайта бастайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кинотеатрлар алғашқы жұмыс күнінде көрермендерге отандық "Любовь на миллион" комедиясын көрсетеді. Сонымен қатар, "Пышка" (продюсері Баян Максатқызы), "Семейные страсти" (продюсері Алмат Шадмат) және "Жаным, ты не поверишь" (продюсері Жандос Айбасов) фильмдері көрсетіледі.

2 қарашада "Базар жоқ, Мексика!" комедиясының премьерасы өтеді. Фильмге Асқар Ілиясов, Олжас Абай, Қажет Смағұлов және Айжан Лайджи сынды актерлер түскен.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...