Ғалымдар жаңа қауіпті аурудың пайда болғанын ескертті

Ғалымдар жаңа қауіпті аурудың пайда болғанын ескертті

Ғалымдар ер адамдарды өлімге әкелетін жаңа ауру түрінің пайда болғанын айтады. Бұл туралы The New England Journal of Medicine журналында жарияланған мақалада айтылады деп хабарлайды РИА Новости.

VEXAS деп аталатын жаңа синдром анықталған жағдайлардың 40 пайызында науқастың қайтыс болуы мүмкін екені айтылады.

Мамандардың айтуынша, бұл ауру пайда болған кезде науқастарда қызба мен белсенді тромбоздар пайда болып, өкпе тіндеріндегі қабыну процесі асқынады.

Ғалымдар бұл ауруды X хромосомасында орналасқан UBA1 генінің соматикалық мутациясымен байланыстырады. Зерттеу аясында мутация 25 ер адамда анықталған, ол аяқталғаннан кейін тағы 25 ер адамнан анықталған екен.

Ғалымдардың айтуынша, алдағы уақытта науқастардың саны күрт өсуі мүмкін.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...