Елімізде екінші рет коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Елімізде екінші рет коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова өңірде коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырған тұрғын анықталғанын айтты. Бұл туралы mgorod.kz хабарлады.

«Ол алғаш рет пандемия басталғанда COVID-19 жұқтырған, екінші рет жаз айларының соңында жұқтырған. Әзірге бұл бір адамның коронавирусты екі рет жұқтыру бойынша тұңғыш жағдай» деп жауап берген Гүлнар Абдрахманова.

Белгілі болғандай, өңірде 4 жүкті әйелден коронавирус анықталған. Олардың екеуі стационарда, екеуі үй жағдайында ем алып жатыр.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда екінші рет коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмегенін мәлімдеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...