ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ NIS-ТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЗАН АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ NIS-ТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЗАН АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

Түркістан облысының Әділет департаментінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Түркістан қаласындағы өкілдігі тіркелді. NIS-тің Түркістан қаласындағы қкілдігінің жетекшісі қызметіне Әлібек Алатаев тағайындалды. Түркістан қаласындағы 720 орынға арналған жаңа Зияткерлік мектептің құрылысы 2020 жылдың шілдесінде басталып, 2021 жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Оқушылар контингенті конкурстық негізде қалыптастырылады. Оқыту Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру гранты негізінде тегін жүргізіледі. Конкурстық іріктеуге 7,8,9 сынып оқушылары қатыса алады. Мектептің педагогикалық ұжымы да конкурстық негізде құрылатын болады. Мұғалімдер мен оқушылардың конкурстық іріктеуі туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық интернет ресурстарында жарияланады.
  
«No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ТМД Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің XXXVIII отырысы Шымкент қаласында аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Төтенше...

Түркістан қаласында кәсіпкерліктің тұрақты дамуы үшін қаржылық ресурстар мен өндірістік инфрақұрылымнан бөлек, білікті мамандардың болуы маңызды....