Гагариннің суреті Бурдж-Халифа ғимаратында пайда болды

Гагариннің суреті Бурдж-Халифа ғимаратында пайда болды

Дубайда Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60 жыл болуына орай іс-шара өтті. Кеңес дәуіріндегі ғарышкердің портреті әлемдегі ең биік Бурдж-Халифа ғимаратының қасбетінде 3 минут көрсетілді, - деп жазды Tengrinews.kz  "Звезда" телеарнасына сілтеме жасап.

Көрсетілімнің ұзақтығы шамамен үш минут болды. "СССР" жазуы бар скафандр киген Гагариннің суретінен бөлек, ғимаратта әртүрлі тілде қандай күн екені жазылған мәтін пайда болды.

Бурдж-Халифаның биіктігі - 828 метр. Ғимараттың 163 қабаты бар. Бұл әлемдегі ең биік және көп қабатты ғимарат.

1961 жылы 12 сәуірде кеңес ғарышкері Юрий Гагарин адамзат тарихында алғаш рет "Восток-1" ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Бір сағат 48 минутта ол жер шарын айналып өтіп, Ресейдің Саратов облысындағы Смеловка ауылы маңына қонған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ТМД Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің XXXVIII отырысы Шымкент қаласында аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Төтенше...

Түркістан қаласында кәсіпкерліктің тұрақты дамуы үшін қаржылық ресурстар мен өндірістік инфрақұрылымнан бөлек, білікті мамандардың болуы маңызды....