Нұр-Сұлтанда жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтанда жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй орталығы «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлады.

Бұл бағдарламаға келесі тұрғындар қатыса алады:

жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

1 және 2 топтағы мүгедектер;

мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

жасына байланысты зейнеткерлер;

жетім балалар;

қандас;

экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

толық емес отбасы.

Бағдарлама бойынша пәтерлердің жалпы саны – 100. Оның ішінде 30 пәтер «Жетім балалар» санатына ғана арналған. Ай сайынғы жалдау ақысы -  5 000-нан 15 000 теңге аралығында болады. Өтінімдер 2021 жылдың 1 мен 8 маусым аралығында электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады.

Бағдарламаға «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады. 

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня Генеральный Прокурор Берик Асылов провел рабочую встречу со всемирно известным экспертом в области искусственного интеллекта Кай-Фу Ли....

Второй день трехдневного рабочего визита Председателя Президиума – Председателя Правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан...

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған үш күндік жұмыс сапарының...

Елімізде телекоммуникация саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Каспий теңізінің түбі арқылы тартылатын Транскаспий суасты...