Электронды төлем жүйесін қолданушылардың саны артуда

Электронды төлем жүйесін қолданушылардың саны артуда

Шымкент қаласында жолаушылар көліктерінде «ТӨЛЕМ» электронды билеттендіру жүйесі 2020 жылы 15 қазаннан бастап іске қосылған болатын. Бүгінге дейін қалада жалпы саны 305929 карта сатылды. Оның ішінде 20571 студент карталары және 65358 мектеп оқушылары карталары. Ал 220000-ы стандарт карта түрінде сатылған.

Қазіргі уақытта оқушыға арналған 70000, студенттік 70000, 100000 стандарт карталары сатылымға шығарылған.

«ТӨЛЕМ» жүйесі істен шыққан жағдайда немесе кондуктор/жүргізуші билет бермеген жағдайда қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсететінін естеріңізге саламыз.

Терминалдар мен валидаторлар қаланың барлық автобустарында жұмыс істеп тұр. Егер валидатордың істемей тұрғанын байқасаңыз немесе кондуктор билет бермей валидатордың жұмыс істемейтіндігі туралы хабарлама берген жағдайда сіз тегін жүру құқығына иесіз.

Қосымша сұрақтар болса бірыңғай тегін 109 нөміріне қоңырау шалуға болады.

«No-comment.kz”-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сегодня Генеральный Прокурор Берик Асылов провел рабочую встречу со всемирно известным экспертом в области искусственного интеллекта Кай-Фу Ли....

Второй день трехдневного рабочего визита Председателя Президиума – Председателя Правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан...

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған үш күндік жұмыс сапарының...

Елімізде телекоммуникация саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Каспий теңізінің түбі арқылы тартылатын Транскаспий суасты...