Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

Жамбыл облысында 800 мыңнан астам тұрғын қатысқан көктемде басталған экологиялық акция күзгі тазалық айлығымен жалғасуда. Бүгін акция аясында тұрғындар мен жастардың атсалысуымен профилактикалық шаралар ұйымдастыру жоспарлануда, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, облыс орталығы Тараз қаласында «Күзгі тазалық» экоакциясы шеңберінде «Сәби қоры» атындағы саябақ қоқыстан тазартылса, өңір жастарымен «Таза қала» ұраны арқылы Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Акция аясында тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында өткізілмек. Шара барысында саябақтар мен скверлер, көпқабатты тұрғын үйлердің маңын, демалушылар көп жиналатын орындар жиналады.

Сонымен қатар, Байзақ ауданында ТЖД және «ҚазТрансАймақ» АҚ өкілдері аудан тұрғындарының арасында профилактикалық шарасын жүргізбек, осындай түсіндіру жұмыстары Жамбыл және Талас ауданында жалғасын табады. Жуалы ауданында мектеп оқушыларымен «Таза Қазақстан – таза әлем» атты семинар, Қордай ауданында «Таза Қазақстан» атауымен «Береке» колледжінің студенттерімен, Меркі ауданында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ, Мойынқұм ауданының жастарымен «Тазалық өзіңнен басталады» челленджі өткізіліп, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында «Даңқ» монументінің айналасы, Т. Рысқұлов ауданында адамдар көп жүретін «Ардагерлер» саябағы күл-қоқыстан тазартылады. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...