Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша арнайы үкіметтік комиссия құрылады

Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша арнайы үкіметтік комиссия құрылады

Мәжіліс алаңында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр стансасын салу жобасын жүзеге асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

«Конкурстық процеске қатысушылардың барлығымен ашық конкурстық диалог рәсімін бастайтын арнайы үкіметтік комиссия құрылады. Алдын ала консультациялар басталып та кетті. ҚХР мен Кореяда кездесулер мен сапарлар өтті. Біз әлеуетті жеткізушілерден алғымыз келетін бағыттарды алдын ала айтып жатырмыз. 

Олар қарапайым, бұл электр энергиясының құнықұрылыс құны, бюджет шегінде мерзімінде аяқталу кепілдігі. Бұл, ең алдымен, қауіпсіздік мәселелері, барлық әлеуметтік пакет, қаржыландыруды қамтамасыз етуге, отын өндірісін оқшаулауға байланысты мәселелер», деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, диалог аясында комиссия Үкімет басшылығына бұл мәселені ҚР Президенті жанындағы Энергетикалық кеңесте қарау үшін өз ұсыныстарын дайындайтын болады.

Министр қаржы-экономикалық блок, құқықтық және техникалық мәселелер бойынша кеңесшілерді тарту жоспарланып отырғанын айтты.

Еске сала кетейік, референдумның қорытындысы бойынша азаматтардың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдап дауыс берген еді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...