Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық «Сиқыршыны» нокаутқа жіберді

Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық «Сиқыршыны» нокаутқа жіберді

Орта салмақта жұдырықтасатын жеңілмеген қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас штатындағы MGM Grand спорт кешенінде өтті. Жәнібектің қарсыласы 23 жастағы «Сиқыршы» лақап атты аргентиналық Гонсало Кория (16-4, 6 КО) болды.

Он раундқа есептелген жекпе-жек екіншісініде аяқталды. «Сиқыршы» Жәнібектің ауыр соққысынан кейін орнынан тұра алмады. Оған дейін қазақ боксшы Корияны бірінші раундта-ақ есеңгіретіп, нокдаунға түсірген еді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...