Heriot-Watt университетіне оқуға түсу үшін AOLT емтиханы өтті

Heriot-Watt университетіне оқуға түсу үшін AOLT емтиханы өтті

Бүгін Жұбанов университетінің базасында британдық Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына оқуға түскісі келетін талапкерлер үшін кезекті AOLT ағылшын тілі емтиханы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл емтиханға 70-тен астам адам қатысты. Айта кету керек, бұл жолы үміткерлердің географиясы айтарлықтай кеңейген. Ақтөбе және Ақтөбе облысының тұрғындарынан бөлек, емтиханға Атырау және Қарағанды облыстарынан да талапкерлер келді. Бұл Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының елімізде танымалдылығы артып келе жатқанын көрсетеді.

Еске сала кетейік, Heriot-Watt университетінде үш мамандық бойынша студенттерді қабылдау жүргізілуде: «Мұнай инженериясы және энергия менеджменті», «Электроэнергетика», «Компьютерлік инженерия».

AOLT – тегін тілдік емтихан, ол IELTS сертификаты жоқ немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған талапкерлер үшін өткізіледі.

Сонымен қатар Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына түсу үшін ҰБТ сертификатының болуы міндетті.

Ағылшын тілі емтиханы әр сенбі сайын Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263 мекенжайында өтеді.

 

Толық ақпаратты төмендегі нөмірлер арқылы алуға болады:

WhatsApp: 8 747 518 35 83

Call centre: 8 778 550 91 95

Call centre: 8 776 786 12 85

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Онда жоғары деңгейде...