Астанада дипломатиялық корпусқа арналған «Наурыз балы» өтті

Астанада дипломатиялық корпусқа арналған «Наурыз балы» өтті

Астанада ұлттық мереке – Наурыз мейрамына арналған «Наурыз балы» өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл имидждік жоба екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Аталмыш іс-шара шетелдіктердің қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын дамытуға ықпал етуде. Балдың дәстүрлі қонақтары – дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшылары. Іс-шараның ұйымдастырушысы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Наурыз – жаңару, бірлік пен берекені білдіретін ұлттық мейрам. Сондықтан бұл дипломатиялық корпус өкілдеріне Қазақстанның бай мәдени мұрасын таныстыру үшін таптырмас мүмкіндік. Кештің сәнін елордадағы үздік шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар келтірді. Бағдарламаның басым бөлігі фольклорлық және этникалық нөмірлерден тұрды.

«Наурыз бал» жобасы мәдени байланыстарды нығайтуға және Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Қазіргі әлемде мәдени дипломатия елдің жағымды имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, сондықтан мұндай іс-шараларды өткізу қоғамдық және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Онда жоғары деңгейде...