Түркістан облысында табиғи монополия нысандарына 20 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Түркістан облысында табиғи монополия нысандарына 20 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру шеңберінде Түркістан облысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының коммуналдық қызметтер секторының инвестициялық тартымдылығын жақсарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағдарлама - тарифтердің, оның ішінде орташа тарифтердің өсуі есебінен инженерлік инфрақұрылымдардың тозу деңгейін алдағы 6-8 жылда 15%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бермек. Бұл жөнінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ақтілеу Бекмұратов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Ивестициялық бағдарлама арқылы «Кентау Сервис» МКК жабдықтарының тозуы деңгейін 80 пайыздан – 60 пайызға дейін төмендету көзделуде. Бүгінгі таңда нысанды модернизациялау және жаңғыртуға 63 млн 828 мың теңге көлемінде инвестициялық бағдарламасы бекітілген. Осы жылы бекітілген инвестициялық бағдарламаға қосымша магистральдық жылу желілерін, 4 кері сорғы станцияларын қайта құру жұмыстары, сондай-ақ, қазандықтарды қайта құру және 81 шақырым ішкі орам жылу желілерін қайта құруға 10 685 009 тенге көлемінде инвестициялық қолдау бекітілді» - деді спикер.

Сонымен қатар, инвестициялық бағдарлама аясында «Түркістан-Су» МКК жаңа тарифтік саясат шеңберінде желілерді қайта құру және жаңғырту жолымен негізгі құралдардың тозуы 15%-ға төмендетілген. Аталған жұмыстарға жергілікті бюджет есебінен 161 млн 637 мың теңге көлемінде қаржы бекітілген.

Департаментпен биыл «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ға қатысты 2022-2023 жылдар аралығындағы мерзімдерге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізілген. Тексеріс нәтижесінде газ желісіне қосу үшін негізсіз 164 млн тенге алынғаны анықталып, оны тұтынушыларға қайтару қажеттілігі бойынша нұсқама берілген. Сонымен қатар, өңірде 32 табиғи монополия субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істер қозғалып, нәтижесінде жалпы 20 382 268 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Оның 17 064 083 теңгесі мемлекеттік бюджетке өндірілген.

Бүгінгі таңда «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі Ұлттық жоба қолға алынған. Себебі, елдегі инфрақұрылым желілерінің тозығы жетіп, жаңартудан өткізуді қажет етіп тұрғаны айқын байқалуда. Ұлттық жоба аясында энергетикалық және коммуналдық активтердің тозу деңгейін республика бойынша орта есеппен 40%-ға дейін азайту көзделіп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен...