Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Шымкентте тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдардың асфальт жабындысын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Бейбітшілік көшесінде (Желтоқсан көшесі – Республика даңғылы аралығы) және Тәуелсіздік көшесінде (Қонаев даңғылы – Ерманов көшесі аралығы) жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қазіргі уақытта Ю.Сареми, Темірлан тас жолы, Жандарбеков, Кремлёвский, Қазиев көшелерінде және А-2 автомобиль жолының 5-ші кезеңінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сәуір айында Момышұлы көшесінде (Желтоқсан көшесі – Тәуке хан даңғылы аралығы) жол жөндеу жұмыстары басталады. Жүргізушілерден алдын ала қозғалыс бағытын жоспарлауды сұраймыз.

Сондай-ақ, жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Қала тұрғындарынан жол жүру ережелерін сақтауды және жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Онда жоғары деңгейде...