Тұрғындармен кездесуде айтылған өтініштер мен ұсыныстар орындалуда

Тұрғындармен кездесуде айтылған өтініштер мен ұсыныстар орындалуда

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков секторлардағы кездесуі барысындағы елдің өтініштері мен ұсыныстарына сәйкес тиісті бөлім басшыларына 137 тапсырма жүктеген болатын. Бүгінде аталған тапсырмалар бойынша бөлімдерде тұрғындармен жеке-жеке кездесулер өткізіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Тапсырмаларды жіктесек, жер саласы бойынша 5 мәселе көтеріліп, оның 4-еуі орындалды. Бір тапсырма орындалу үстінде. Тұрғын үй мәселесі бойынша түскен 9 тапсырма түгелдей іске асты. Сұрақтардың көбісі тұрғын үй кезегі бойынша қойылған. Сауалға сәйкес тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 58 тапсырма Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне берілген. Қазіргі таңда тапсырмалардың 27-сі орындалған, 31 тапсырма орындалу үстінде. Жүктелген міндеттер бойынша тазалық жұмыстары жүргізіліп, көгалдандыру саласы мен электр бағаналарын ауыстыру жүзеге асырылды.

Жол бөліміне берілген тапсырма саны – 43. Ол бойынша бүгінде жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Аялдама тапшылығын жою, аяқжол салуды сұраған тұрғындар өтініші бойынша жұмыстар қолға алынған. Сонымен қатар биыл қала көлемінде 10 ойын алаңшасының құрылыс жұмысы басталады. Жаяу жүргіншілерге арналған жол 51,3 шақырымға жоспарланып, 24,8 шақырымның құрылысы аяқталуға жақын. Қалған шақырымдарды жөндеу өндірістік кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...