Ардагермен кездесу

Ардагермен кездесу

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Таукент кенті жастар ісі жөніндегі маманның ұйымдастыруымен Таукент кентінде білім саласында мемлекеттік қызметтен құрметті еңбек демалысына шыққан, қазіргі таңда «Ардагерлік кеңесінің» төрағасының көмекшісі, Қоғамдық кеңестің мүшесі Шарафидунов Суханберді ағаймен жастар арасында кездесу өтілді. Кездесуде жастардың өзекті мәселелері, тәртібі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Жастардың тәлім-тәрбие және білім саласындағы сұрақтарына жауап берді. Кенттің қоғамға белсенді азаматымызды Таукент кент әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапаттады. Жастармен кездесу тоқсан сайын өтілсе екен,- деген ұсыныспен тарқасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Онда жоғары деңгейде...