Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, жазғы шомылу маусымында суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында «Суда абай болыңыз!» тақырыбында Оранғай ауылдық округі, Қарашық өзенінің бойында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстарын Жастар ресурстық орталығы Жібек жолы ауылдық округінің инспекторы Ж.Құрбанәлі мен Сауран аудандық ТЖБ қызметкерлері қатысты.
Түсіндірме жұмыстарында шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, балаларды бақылаусыз қалдырмау басты назарда болуын, балалардың бақылаусыз қалуы салдарынан жазатайым оқиғалар орын алып жатқаны жөнінде мәліметтер келтіріліп, іс шара барысында қауіпсіздік шараларының нұсқаулығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде дайындалған жадынама парақшалары таратылып, алғашқы көмекті қалай көрсету екендігі түсіндірілді.