Д.Қонаев даңғылы көлік қозғалысына ашылды

Д.Қонаев даңғылы көлік қозғалысына ашылды

Бүгін Д.Қонаев даңғылының жалғасы көлік қозғалысы үшін ашылды. Бүгінде аталған нысанда құрылыстың ІІІ кезеңі жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев даңғылының құрылысын бақылап, жұмыс барысын тексерді.

Д.Қонаев даңғылы қаладағы көлік ағыны жоғары магистралды жолдың бірі. Қазіргі сәтте құрылысы аяқталмаған даңғылдың Терешкова көшесінен Бекет көшесіне дейін аралығы көлік ағынын оңтайландыру үшін іске қосылып отыр.

Құрылыс жобасы бойынша Қонаев даңғылының ІІІ кезеңінде ұзындығы 561,2 метр, ені 42 метрді құрайтын жол салынады. Жобаның үшінші кезеңі 2020 жылы басталып, жұмыс шеңберінде теміржол мен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Сондай-ақ, жол жиегіндегі инженерлік жүйелерді ауыстырылады.

Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында тұрақты түрде техникалық қадағалау эксперттері бекітілген. Ұлттық сапа орталығымен орындалған жұмыстар мен материалдарға сараптама жүргізіліп отырады.

Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі.

2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Құрылысты «Корпорация Береке-А» мердігер мекемесі жүргізіп отыр.

Айналма жолдың Шымкент — Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол жабынының жерді қысымдау жұмысы атқарылуда.

Кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шқ. кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 60000м3 жер жұмыстары және 4 дана темір жол көпірінің негізін құю және 4 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалды.

Құрылыс нысанының 6 учаскесінде жолдың негізін дайындау, қазу жұмыстары қолға алынған. Биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстырылуда.Жобаға сәйкес 4 орыннан жауын суына арналған Д1000, Д1500 құбырлары орнатылып жатыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...