Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі - баспаналы болудың үлкен мүмкіндігі

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі - баспаналы болудың үлкен мүмкіндігі

Қала тұрғындарының назарына! Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы мен «Отбасы банк» АҚ қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі» атты іс-шара өткізіледі.

Жәрмеңке осы жылдың 08 шілде күні сағат 18.00-23.00 аралығында Шымкент қаласындағы «Арбат» демалыс аумағында өтеді.

Аталған шарада келушілерге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жеңілдетілген несиелік баспанаға қол жеткізудің бағыттары мен шарттары кеңінен түсінідірілмек.

Еске салсақ, 21-жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта баспаналы болуға ниет білдірген тұлға соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106336,2 теңгеден аспаған жағдайда және қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хатын тіркеп азаматтар тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады. Осы жерде айта кететін жәйт, отбасының жиынтық табысы ретінде — отбасы мүшелерінің расталған кіріс табысы есептеледі.

Айта кетейік, тұрғын үй сертификаттарын алуға мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілері жоғарыда аталған талаптарға сәйкес қатыса алады.

2021 жылы мұқтаж азаматтарға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде әр азаматқа 1 миллион теңгеден берілетін тұрғын үй сертификаттарына жалпы 500 млн. теңге қарастырылып отыр. Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызмет толығымен электрондық форматқа көшірілгендігін айтып өткен жөн.  

Сонымен қатар жәрмеңкеде еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істеп жатқан ірі құрылыс компаниялары тұрғын үй сатып алуда азаматтарға бірқатар жеңілдіктер ұсынатын болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Баспаналы болудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...