Ө.Шөкеев: Жетісайдағы өртенген базардың кәсіпкерлері көмексіз қалмайды

Ө.Шөкеев: Жетісайдағы өртенген базардың кәсіпкерлері көмексіз қалмайды

Өмірзақ Шөкеев Жетісайдағы өртенген «Күлпаршын» базарына келіп жағдаймен танысты. Базар иесімен кездесіп, әкімдік тарапынан қолдау болатынын айтты.

«Ешкім көмексіз қалмайды. Базар әкімдігі кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіп, жанған тауар шығынын заң аясында өтеу керек. Бірінші мәселе, базарды қалпына келтіріп, тездетіп іске қосу қажет. Ол үшін жақын маңдағы аудандардан бригадалар алдырамыз. Әр секторға жөнделетін базар қатары бекітіледі. Әр павильонды 6-7 топқа бөліп, кәсіпкерлер мәселесін оңтайлы шешуді қадағалаймыз» деді өңір басшысы.

Қазіргі таңда зардап шеккен кәсіпкерлерді басқа сауда орындарына уақытша орналастыру бойынша «Қарақай» сауда базарына және «Күлпаршын» базарының өрт шалмаған орындарына жайғастыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен елімізге алғашқы ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радев екі мемлекет...

Түркістан қаласында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі бойында орналасқан көпірде сурет салуға арналған арнайы алаңдар бар. Осы...