Республика күні қарсаңында Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы тұрғындарында қос қуаныш. Түркістан көшесі №2/3 үйінің ауласы мен Қарасу шағын ауданы №23 көпқабатты үйінің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Мұнда су жаңа балалар ойын элементтері, бастырма, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылған.
Сонымен қатар Түркістан көшесі 2/3 үйінің ауласындағы спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтті.
Аудан бойынша «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар алаңшасы және 9 спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Бұдан бөлек 9 спорт алаңшасы ағымдағы жөндеуден өткізілуде.
Маусым-тамыз айларында 28 аула абаттандырылып, 22-сі пайдалануға берілді.
Айта кетейік, «Халық қатысатын бюджет» азаматтардың жергілікті бюджет қаражатының бір бөлігін бөлу мен жұмсауға қатысуына мүмкіндік беретін жоба. Яғни, бір азамат ұсынып, тұрғындардың көпшілігі қолдау білдірген жобалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осылайша азаматтар өздері тұратын аумақтарды дамыту мен абаттандыруға қатысады. Жобаны жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, ол төрт ауданның әкімдіктері арқылы орындалуда.
Сонымен қатар, Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, тұрғындар ұсынысымен өткен жылы 41 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылды.
Биыл ІІ кезеңмен 73 көпқабатты және жеке сектор бойынша 6 мекенжай абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы тұрғызылуда.
Жобаға енген "Базарқақпа" тұрғын алабы, Ю.Сареми көшесінде орналасқан 7 көпқабатты үйдің ауласындағы жұмыстар барысымен танысуға М.Әйтенов арнайы барып, тұрғындармен кездесті.
Қаратау ауданында 2021 жылға қарағанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 10 есеге артқан. Өткен жылы 5 үйдің ауласы абаттандырылған болса, биылғы жылы 26 үй ауласы жаңарып, ирригациялық арықтар салу бойынша 2 жоба жүзеге асырылмақ.
Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасы өзінің нәтижелілігін көрсетуде.
Бұл бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдағы ашықтық пен жариялылықты жетілдіре түсетін тағы бір реформасы – «Халық қатысатын бюджет» жобасының маңызы орасан.
Биылғы алғашқы жартыжылдықта халық қатысатын ашық бюджет жобасы аясында шағын аудандар мен тұрғын алаптарда 66 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылды. Белгіленген жұмыстарды іске асыру барысында тұрғындардың талап-тілегі ескеріліп, балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларының жобалары, жасыл желекті күтіп-ұстау мәселелері келісілді.
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЕКІ НЫСАН ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
