Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жолдарды қалпына келтіру жұмыстары бойынша жиын өткізді. Онда қала аумағындағы жолдардың қазіргі ақуалы талқыланып, жөндеу жұмыстарының жоспары пысықталды.
Қала басшысы осыған дейін жауаптыларға жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасап, туындаған мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында тапсырма берген болатын. Талдау нәтижесінде анықталған тозығы жеткен 50 көшенің 20-сына биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың ішінде магистраль жолдар мен ішкі орам көшелер де бар. Мониторинг тізіміндегі қалған жолдар алдағы жылдары кезең-кезеңмен жөнделетін болады.
Мұрат Дүйсенбекұлы жол құрылысының сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
Үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Жолайырық құрылысы аяқталғанда, көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ.
Жобаның техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайырықта ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселеді деп жоспарлануда.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:
1. Д.Қонаев даңғылы
2. №1 автомобиль жолы
3. Қазыбек би көшесі
4. Желтоқсан көшесі
5. Назарбеков көшесі
6. Аймауытов көшесі
7. Көшеров көшесі
8. Тыныбаев көшесі
9. Қабанбай батыр көшесі
10. Анаров көшесі
11. Жансүгіров көшесі
12. Абай даңғылы
13. Исмайлов көшесі
14. Алпысбаев көшесі
15. Еділбаев көшесі Ақжайық ш/а
16. Пазиков көшесі Шапағат ш/а
17. Орынбаев көшесі
18. Шанин көшесі
19. Байтіленов көшесі
20. Үркімбаев көшесі