САЙРАМ: ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

САЙРАМ: ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында қарамұрттық С.Мейірбекова инфрақұрылым жүйелері толық қамтылмаған бөлігі тек электр жарығымен қамтамасыз етілгеніне алғысын айтты. Низамабад аумағына қоныстанған тұрғын үйлерге биылғы жылы ауыз су мәселесін реттеп беруді сұранды.
Мұнан кейін қарасулық Т.Исаев ескірген электр бағанасын ауыстыру және жолға тас төсеудің қажеттіліктерін жеткізді.
Келесі кезекте аудандық мәслихаттың депутаты Д.Анартаев Қарабұлақ ауылына қарасты Шымкент қақпа көшесінің жолын күрделі жөндеуден өткізу арқылы орталық көшедегі жиі орын алатын көлік кептелісін жоюға болатындығын назарға салып өтті.
Бахытбек Сембекұлы қабылдауына келген тұрғындардың өтініштеріне заң аясында түсініктеме беріп, тиісті бөлім мен ауылдық округтерінің әкімдеріне нақты жұмыс атқаруды тапсырды, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...