СОЗАҚ: ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АУДАНҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛІП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

СОЗАҚ: ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АУДАНҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛІП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков ауданға іс-сапармен келіп, халықпен кездесті.
Сапар барысында алдымен тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, "Amanat" партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы Ернар Сағындық және аудандық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрғындар білім сапасын арттыру, әлеуметтік және денсаулық сақтау саласы бойынша өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары халық арасында жиі көтеріліп жүрген бірқатар мәселелерді алға тартып, сауалдарын жолдады.
Мәжіліс депутаты сала мамандарына аталған жағдайларды назарға алу керектігін тапсырып, туындаған мәселелерді Парламент қабырғасында көтеріп, тиісті министрліктерге жеткізетіндігін айтты.
Қабылдаудан соң, аудандық орталық емханада болып, жұмыс барысымен танысты. Онда тұрғындармен тілдесіп, қызмет көрсету сапасын бақылады. Сонымен қатар, аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде халықпен кездесіп, парламентте атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Ондағы басты мақсат- жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өңірдегі өзекті мәселелермен мұқият танысып, барлық мәселелерді депутаттық сауал салу арқылы шешуге ықпал жасайтындығын атап өтті, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...