ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков бүгін қоғамдық қабылдау өткізіп, Бәйдібек ауданы тұрғындарының өтініштерін тыңдады.
Қабылдауға аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков, Түркістан облысы маслихат депутаты Ғабиден Қапалбаев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ақбала Құлымбет және аудандық бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыруды көздеген халық қалаулылары мен билік өкілдері 10 нан астам тұрғындардың мәселесін тыңдап, айтылған өтініштерді бақылауға алып, тиісті жұмыстар жүргізетінін айтты.
Атап айтар болсақ, Шыбыт ауылының тұрғындары 200 орындық жаңа мектеп ғимаратын салуға ықпал етуді сұранды. Қосымша елді мекенге медциналық тірек және ауыз су мәселелерін көтерді.
Нәтижесінде көтерілген өтініш бойынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков аталған өзекті деген мектеп, ауыз су мәселелерінің шешімін табуына көмек беретінін айтып өтті. Одан бөлек, Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы құжатарын дайындауды тапсырды.
Сондай-ақ қабылдау барысында, ауданның тұрғын үй, жер мәселелері бойынша және қәзіргі уақыттағы орта буын қызметкерлерінің жалақысы жөніндегі өзекті деген мәселелер мен ауыл шаруашылығына қатысты ұсыныстар көтерілді. Айта кетейік, қабылдау барысында айтылған өтініштер ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты мен Бәйдібек ауданының әкімдігіне тікелей бақылауында болмақ.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібекұлы аудан орталығындағы 100 мың кітап қорына арналған кітапхана құрылысымен және күрделі жөндеуден өтіп жатқан Қапшағай су қоймасының жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.