ҚАЗЫҒҰРТ: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы жеке жұмыс жоспарына сәйкес Қазығұрт, Қызылқия, Сарапхана, Алтынтөбе ауыл округтерінен келген бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері, тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтар жол салу, спорт кешенін салу, әлеуметтік көмек, үй іргелік жер сұрау, ауыз су мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы барша сұрақтар мен өтініштерге заң аясында толыққанды әрі нақты жауап қатып, шешуге болатын мәселелер бойынша ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тапсырмаларын берді, деп хабарлайды Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша экономиканың нақты секторын дамыту шаралары бойынша бірінші көшпелі кеңесті Премьер-министрдің орынбасары –...

Түркістан облысы әкімдігінде жұмыспен қамту мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістің...